corp Evolution

Новости

Новости / Новость дня

АЙТЫШЕВА БАЯН КАДИРОВНА

ЖЕТІСТІК ПЕН ЖЕҢІС

Мен Шығыс Қазақстан өңірінің тумасымын. Мамандығым педагог. Өмірімнің 30 жылын оқу-ағарту саласына арнадым. Көбіне басшылық қызметтерде болдым, директордың орынбасары болып та қызмет атқардым. Бұған еш өкінбеймін, керісінше еліме адал еңбек етіп, жастардың болашағына үлес қосқаным үшін қуанамын. Себебі мен балаларды қатты жақсы көремін.

Жастайымнан жаңашылдыққа жақын жанмын. Елімізде болып жатқан жаңалықтардан үнемі құлағдар болып отырамын. Бір күні жақын танысым хабарласып, керемет бір жоба ашылып жатқанын айтты. Бұл жобаның отандық әрі IT индустрия саласына қатысы бар екенін білгенде қатты қызығушылығым оянды. Әсіресе оның негізін салушы өзіміздің қазақ азаматы Дәурен Қазбекұлы екенін естігенде тіптен қуанып кеттім.

Дәурен Қазбекұлы Evolution Corporation компаниясының президенті. Отандық мобильді қосымша – Indigo24 жобасының авторы. Сонымен компанияның белсенді серіктестерінің бірі болып 2016 жылдың қараша айынан бастап жұмысты бастап кеттік.

Аталмыш компанияда еңбек етіп, аз уақыттың ішінде үлкен жетістіктерге жеттім. Бұрын соңды желілік маркетинг (сетевой маркетинг) саласында жұмыс жасамаған мен үшін қиын болар деп ойлап едім. Керісінше Астана қаласы бойынша алғашқы Автобонус сыйақысына ие болдым. Сонымен қатар компаниямыздың ең үлкен сыйақысы - Тұрғын үй бонусына да қол жеткіздім. Ең басты жетістігім өмірімнің соңына дейін пассивті табыс (пассивный доход) алып отыратын болдым.

Бүгінгі таңда кейбір жастар жұмыс жоқ деп қол қусырып отырады. Керісінше қазіргі заманда еңбектенген адамға мүмкіндік мол. Тек осы берілген мүмкіндікті дұрыс пайдаланып іздену керек. Жетістікке жетудің ең басты жолы – өзгелерге көмектесе отырып, талмай еңбек ету. Қасымдағы әріптестерімнің жетістікке жеткенін қалаймын әрі олар үшін қатты қуанамын. Адамның бойында табандылық пен қайсарлық, сонымен қатар байсалдылық та болу керек. Бәрінен де адамгершілігі жоғары болуы тиіс. Айналамдағы адамдардың бойынан тек қана жақсы қасиеттерін көруге тырысамын. Баяғыдан келе жатқан «алтын ереже» (золотое правило) бар ғой «Өзгелер сізге қандай қарым-қатынас жасағанын қаласаңыз, сіз де оларға сондай қарым-қатынас жасаңыз» деген. Үнемі осы ережені жастарға айтып жүремін. Бұл өмірде ең бастысы адамдар бір-бірінің көңіліне қаяу түсірмей, бір-біріне қамқор болып сыйласып жұмыс жасаса алынбайтын қамал жоқ деп ойлаймын.

Қазіргі ел экономикасын ілгерілететін негізгі факторлардың бірі – сандық технологияны дамыту. Осы орайда «Сандық Қазақстан – 2020» бағдарламасына үлкен үлесін қосып отырған Дәурен Қазбекұлына компанияның барлық серіктестерінің атынан айтар алғысымыз шексіз! Еліміздің өркендеп өсуіне, халқымыздың жағдайының жақсаруы жолында еңбек етуде. Отандық Indigo24 мобильді төлем порталы тек Қазақстанда ғана емес дүниежүзіне танымал болатынына сеніміміз зор.

Барлық әріптестеріме шын жүректен сәттілік тілеймін!